Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешіті қарттар күніне орай ауылдағы қариялардың отбасыларына 1 ірі қара, 5 қой, 40 қап пияз, 2 кг құмшекер мен ет таратты.
Имамдар ауылдағы қариясы бар отбасыларға бас сұғып, сыйлықтарын табыстап баталарын алып қайтты. Айта кетейік игілікке жұмсалған ірі қараның құны 300 000 теңге тұрса, 5 қой үшін 300 000, пияз 80 000, құмшекер үшін 12 000 теңге жұмсалған болатын. Демеушілік жасаған ауыл тұрғындары мен мұрындық болған мешіт имамына көпшілік алғыстарын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі