Шу ауданы М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте "Қойайдар" мешітінің имамы Аян Байтұрғанұлы мектеп оқушыларымен дидарласты. "Радикалды діни ағымдар идеологиясына қарсы тұру мәселелері" атты тақырыпта үгіт-насихат жүргізді.
Радикал деген кімдер, олардың адасқан тұстары, дінді дұрыс мамандардан үйрену керектігін тілге тиек етті. Имам жастардың сұрақтарына жауап беріп, мысалдар мен Құран мен хадистер дәлелдер келтіріп өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі