Шу аудандық "Жәми" мешітінде ұстаздардың ұйымдастыруымен ақ жаулықты әжелерге "1 қазан - Қарттар күні" мерекесіне орай сый-сияпат жасалды.
Ақ жаулығы желпілдеп, бала-шағаның, елдің, ұлттың амандығын тілеп жүрген апаларға мешіт ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты. Арнайы жасалған сыйлықтарды табыстап, баталарын алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



14 Ноябрь 2025
23 Джумада-авваль 1447

