#Шу: "Жиембет Жексенбай" мешіті зерделенді

#Шу: "Жиембет Жексенбай" мешіті зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен "Төле би"  мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы өңірге қарасты "Жиембет Жексенбай" мешітін зиярат етті. 

Іс-сапар барысында өңірдің діни көшбасшысы ауыл имамы Шүкәрәлі Бердібековпен жүздесіп, ауылдың діни хал-ахуалы жайлы ақпарат алды.

Мамандар мешіттің іші-сыртын толық аралап, бой көтеріп жатқан асхананың құрылыс жұмысын бақылады. Ауладағы бақ, бейнебақылау, мешіт құжаты мен әдебиеттер тізімі, дәрет алатын орындардың жабдықталуы қаралды. 

Сонымен қатар ҚМДБ бекеткен 5 бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар легі сөз болып, аудан бас имамы аталған мешіттің жұмысына жоғары баға берді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: