#Шу: Жиембет ауылында Мәуліт мерекесі атап өтілді

#Шу: Жиембет ауылында Мәуліт мерекесі атап өтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жиембет ауылы "Жиембетов Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйымдастыруымен Алла елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне Мәуліт кеші өтті. 

Жиында аталған мешіттің имамы, ауыл ақсақалы Тоқтасын Оңбаев, "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мәуліт жырын оқыды. Ал ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев мәуліт дұғасын жасады. 

Іс-шарада ақида, сияр бойынша білім сайысы ұйымдастырып, сұрақтарға жауап беріп атсалысқан барлық қатысушыға сый-сияпаттар жасалды. Аталған жиынға "Әжелер алқасы" мен әйелдер жамағаты да қатысты.

Көпшілік алдында ауданның бас имамы Мәуліт жайлы  мардымды насихатын тілге тиек етсе, Талғат имам "Пайғамбарымызға деген махаббат" тақырыбында келелі уағыз жүргізді.  

Жиналғандар дастарханнан ауыз тиіп, ақсақалдар дініміздің көркеюі, еліміздің амандығын тілеп бата берді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: