Меркі ауданы, Талдыбұлақ ауылының имамы Жабықбаев Еркебұланның ұйытқы болуымен ауыл жастары Меркі ауылында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысшыларына түстік асқа қой апарып берді.
Айта кетейік, мешіт ғимараты бір мезетте 700-ге жуық адамға қызмет көрсетеді. Меші ғимараты жер төледен, негізігі қабат және қосалқы қабаттан тұрады. Мешіт мұнарасы 10 м биіктікке негізделген.
Мешіт құрылысына 20-ға жуық құрылысшы жұмылдырылған. Талдыбұлақ ауылының жастары ауылдың атынан түстік асқа бір қой сыйлыққа тарту етті. Жаңа мешіт құрылысы халықтың, жекелеген азаматтардың қаржысына салынып жатыр. Дінге шын жаны ашитын азаматтар ат салысып, мешіт қорына үлес қосады деп ойлаймыз.
Мешіт құрылысы қанша уақытқа созылатыны қорға түсетін қаражатқа байланысты. Сондықтан барлық исі мұсылман бауырларымызды, осындай игі іске ат салысуға шақырамыз.
Осындай игі іске ат салысып жатқан азаматтар мен ниет білдіріп жатқан жандардың Алла Тағала отбасыларына, мал-жандарына, кәсіптеріне береке берсін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, М. Мәметова көшесі, 125 үй.
Kaspi.kz: 4400 4801 0877 0576
+7 705 444 58 10 Иса С.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі