#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ "ЖАНЫС БАБА" МЕШІТІНДЕ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ "ЖАНЫС БАБА" МЕШІТІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны жұма күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Абай ауылдық «Жаныс баба» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма уағызын айтты.

Насихат барысында Қанат Әділханұлы: «О дүниелік өмір қарсаңында бұл дүниедегі тіршілік атаулы түгелдей тоқтайды. Мұны, яғни тіршіліктің тоқтау мерзімін «қиямет қайым» дейді. Қиямет қайымның болатындығын жер бетіндегі күллі діндер қабыл етеді. Өйткені әлемдердің Раббысы Алла ерте ме, кеш пе қиямет қайымды болдырады. Құран аяттары да бұл мәселені ап‑айқын растай түседі: «Уа, адамдар! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында, қияметтің сілкінісі – алапат құбылыс. Сол күні бала емізетін әр ананың (қатты қорыққаннан) баласын ұмытқанын, әрбір жүкті әйелдің (және буаз жануардың) іш тастағанын көресің. Сондай-ақ адамдардың бәрін ес-түсінен айрылып теңселген мас күйде көресің, асылында, олар мас емес. Алайда Алланың азабы тым қатты» («Хаж» сүресі, 1-2 аят).

Осы аятта Алла Тағала барлық адамзатқа пәрмен беруде. Алланың әмірін орындап, тыйымдарынан тыйылып және бағынып, азабынан қорқыңдар. Өйткені қиямет жойқын, өте қорқынышты оқиға. Қалай болатынын ешкім ойлап біле алмайды?,- деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: