Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде қасиетті жұма күні «Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру» тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді.
Мешіт қызметкерлері Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айы «Рабиғул-әууал» айының 12 жұлдызы екен айтып, шариғат тұрғысынан ең бірінші Алланы, одан кейін Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көруіміз иманымыздың кемелдігі екендігін жеткізді. Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру тек сөзбен емес, өмірінен өнеге алып, іспен дәлелдеуді қажет ететіндігін атап өтті.
Алла Тағала баршамызға шынайы түрде пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көруді нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі