#Меркі ауданы: «Әл-Кәрим» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді

#Меркі ауданы: «Әл-Кәрим» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінің жамағаты мешіттің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, мешіт шатыры мен өрнек тастарын қалпына келтірді.

Қатты нөсер жаңбырдан мешіттің шатырынан жаңбыр суы өтіп, кіреберістің төбесі ызғарланып қалған болатын. Мешіт жамағаты шатырды ашып, су өтіп жатқан жерін жөнге келтірді.

Сонымен қатар, қатты нөсердің салдарынан мешіттің қыбыла жағындағы орнынан жылжып, шеті құлап жатқан өрнек тастарды да жөнге келтіріп, күйіп кеткен шамдарды ауыстырып, мешіт жамағаттары ауызбіршіліктерін көрсетті.

Осы игі іс-шараға атсалысқан барша ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз. Алла Тағала мешітке қарайласып жүрген бауырларымыздың ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: