Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің жамағаттары ауданға қарасты Қызылқыстақ ауылы тұрғындарына ақ дастархан жайып, ауыл мешітін зиярат етті.
«Әл-Кәрим» мешіті 2022 жылдың 18-ші қарашасында ашылған жаңа мешіттер қатарында. Аудандық «Меркі ата» мешітінің жамағаттары арнайы мешітті зиярат етіп, сәулеті жарасқан мешітке тамсанып, тамашалап қайтты.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына арнап ақдастархан жайып, ауыл тұрғындарын құттықтап, осы мешітпен мақтан тұтып, мешітті бос қалдырмауға шақырып, аудандағы сәулеті жарасқан, ең әдемі мешіт екенін атап өтті.
Осы игі іс-шараны ұйымдастырушыларға ауыл ақсақалдары ыстық лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Алла Тағала ағаларымыздың ниетін қабыл етіп, еселеп сауаптардан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі