Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылы жастарының, соның ішінде мектеп бітіргендеріне 15 жыл толған азаматтардың ұйымдастыруымен футболдан ашық турнир өтті.
Игі шараға «Кеңес» мешітінің имамы Ғали Олжабайұлы қатысып, әр бір округтан келген командаларға сәттілік тілеп, спортпен айналысудың пайдасы туралы насихатын жеткізді.
Ашық турнир бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
І орын: Кеңес ауылы 35 000 теңге жүлде алды.
ІІ орын: Жақаш ауылы 30 000 теңге жүлде еншіледі.
ІІІ орын: Сарыкемер ауылы ойыншыларына 20 000 теңге бұйырды.
Орын алған командаларға қосымша кубок, медальдар мен дипломдар табысталды.