Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде «имани жаз» жазғы курсы жүргізілуде. Аталмыш курстың ерекшелігі бұл курста қасиетті Құранға түскен шәкірттер ілім алуда. Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы барып қайтқан жеке іс-сапарында шәкірттермен кездесіп, білім алу – барша мұсылманға асыл міндет екенін айтып, зейіндерінің ашылуын тіледі.
Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді. Қасиетті Құран мен сүннет тағылымдарына сүйеніп өмір сүрген мұсылмандар білім мен ғылымды негізге алып, ғаламға шуақ нұрын төкті. Нәтижесінде, ислам дінінің қанаты жеткен өлкелерде ғылым, білім, мәдениет дамып, ғылымның әр саласынан есімі өшпейтіндей танымал ғалым-ғұламалар жетілді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі