Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітіне арнайы іс-сапармен барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешіттің тыныс-тіршілігімен сонымен бірге, ішкі-сыртқы тазалығымен танысып, мешіт қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Құран Кәрім мен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінде тазалық жайлы ерекше мән беріп тоқталған. Құлшылық ниетімен жасалатын әрбір істе сауап бар. Ислам – тазалық діні. Дініміз кейбір құлшылықтарды орындау үшін тазалықты негізгі шарт ретінде бекіткен. Ислам мәдениетінде жай тазалық пен құлшылық мақсатындағы тазалық бір-бірін толықтырып тұрады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі