#Меркі ауданы: Жалпы ұлттық аза тұту күні

#Меркі ауданы: Жалпы ұлттық аза тұту күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барып, өрт кезінде көз жұмған орманшылардың отбасы-жақындарымен кездесті. Кездесу барысында 12 маусымда Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Жалпыұлттық аза тұту күні барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауық және көңіл көтеру сипатындағы бағдарламалар мен іс-шаралар тоқтатылады.

Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен барлық аудан мешіттерінде 5 уақыт намаздан соң өрттен қайтыс болған мұсылмандарды еске алып Құран бағышталды. Өрттен қаза тапқандардың ет жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!

Алла Тағала Абай облысындағы өрттің тез сөнуін нәсіп етіп, халқын бейбіт, қалыпты тұрмыс тіршілігіне оралуды нәсіп етсін. Алла Тағала елімізді, жерімізді тілсіз жаудан сақтағай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: