Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Танатаров Ғанидың ұйымдастыруымен «Имани жаз» қыз балаларға арналған діни сауат ашу курсы ашылды. Аталған шараға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да арнайы барып шәкірттердің оқу процесімен танысып, дәріске сәттілік тіледі.
Ислам дінінің басты мұраты – білім кәусарымен әрбір мұсылман баласын діни әрі дүнияуи ілімдермен сусындандыру. Жер бетінде ғылым-білімді Исламдай ардақтайтын дін немесе қоғам болмаса керек. Өйткені, мұсылман жұртының қасиетті кітабы Құран Кәрімнің ең бірінші түскен аятында: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы», – делінген. Осының өзі адамзатты білімге жетелейтіндігін дәлелдейді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі