#Жамбыл: Қайырымдылық қанымызда бар

#Жамбыл: Қайырымдылық қанымызда бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулланың ұйымдастыруымен 10 отбасына қайырымдылық көмек берілді. Азық-түлік ретінде үлестірілген көмекке 150 мың теңге қаражат жұмсалған.

Аталмыш іс-шараға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да қатысып, ауыл имамының игілікті істеріне өз алғысын білдірді. Аудан имамынан бөлек, мешітте ілім алып жатқан шәкірттер де өз үлестерін қосып, көмектесті. Көмек алған отбасылар мешіт ұжымына алғыстарын жаудырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: