#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ «ҚАЛМҰРАТ БАБА» МЕШІТІНДЕ

#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ «ҚАЛМҰРАТ БАБА» МЕШІТІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Есбанов Сержан Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.

  Есбанов Сержан: «Зинақорлық «Аллаға серік қосу», «кісі өлтіру» сияқты ең үлкен күнә деп танылған істермен қатар аталды. Демек, бұларды жасаған кісі жәһәннам отында мәңгі-бақи қалу жазасына лайықты болуы мүмкін. Тек жасаған ісінің үлкен күнә екендігін түйсініп, қатты өкініп, шынайы тәубе жасап, ендігәрі ол күнәға қайтып оралмауға ант берген мұсылман ғана Алланың мейіріміне ие болуы үміт етіледі.

Ардақты Пайғамбарымыздың да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зинақорлықтың ауыр күнә екендігі турасында айтқан хадистері өте көп. Мысалы, бірде Алланың елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең үлкен күнә қайсы?» – деп сұрағанда, ардақты Пайғамбарымыз: «Өзіңді жаратқан Аллаға ортақ қосуың деп, одан кейін тағы да бірнеше күнәні атап, көршіңнің әйелімен зина жасауың», – деп жауап берген», - деп уағызын айтып жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: