#Байзақ: НАИБ ИМАМ «ҚОСАҚ» АУЫЛЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ

#Байзақ: НАИБ ИМАМ «ҚОСАҚ» АУЫЛЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мұхит Ермаханұлы Қосақ ауылдық «Қосақ» мешітінің жамағатына уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

  Мұхит Ермаханұлы: «Адам баласының дәрежесі өзге жаратылыс атаулының бәрінен де жоғары әрі үстем. Сол себепті де, адам өз өмірін оп-оңай қия салатындай сұраусыз, іздеусіз, бостан-босқа жүрген мақсатсыз жаратылыс емес. Алла Тағала қасиетті Құранның «Исра» сүресі, 70-аятында: «Біз адам баласын ардақтадық ...», – деп айтып, адам баласының басқа жаратылыстардан әлдеқайда артық жаратылғандығын жеткізді. Сондықтан әрбір жанның өмірі өте қымбат. Оның өміріне қол сұғуға, ар-намысына тиюге, малына зұлымдық жасауға, еркінен айыруға дінімізде рұқсат жоқ. Тіпті, адам өмірінің қымбаттығы сонша – жазықсыз бір адамды өлтіру бүкіл адам баласын өлтірумен пара-пар», - деді.

Жұма намазынан кейін наиб имам жамағатпен бірге елдің амандығы үшін дұға жасады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: