#Рысқұлов: Ислам – ізгілік діні

#Рысқұлов: Ислам – ізгілік діні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Луговой ауылындағы әскери горнизонда жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында «Ислам – ізгілік діні» атты тақырыптауағыз насихат жасады. Уағызға сол жердің 60 қа жуық әскери қызметкерлері қатысты.

     Ауданның бас имамы насихатын: «Ислам – күллі адамзат баласын бірлікке, татулыққа үндейтін асыл дін. Бұл – анық ақиқат, Құранда баян етілген Алла Тағаланың әмірі: Барлықтарың бірлесе Алланың жібінен мықтап ұстаңдар. Бөлінушілікке әсте түспеңдер. Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар. Бір кездері сендер, бір-бірлеріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңді Ол жақындастырды. Міне, Оның (осындай) нығметі аясында қандас болдыңдар. Сондай-ақ, сендер тозақ отының шұңқырының ернеуінде тұрғанда ол жерден сендерді құтқарған да – Ол. («Әли Имран» сүресі, 103-аят) Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің осы аяттарында бірліктің адамзат үшін қаншалықты маңызды екендігін ескертіп, бірліктің дұшпандардың өзін досқа, бауырға айналдыратын маңыздылығын атап көрсетеді»,- деп бастады

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: