#Байзақ: НАИБ ИМАМ «ҚОСАҚ» ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: НАИБ ИМАМ «ҚОСАҚ» ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Қосақ ауылдық «Қосақ» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.

         Бақытбек Бауыржанұлы: «Зинақорлық – пендені иманынан айыратын, адамның адамгершілігіне сызат түсіріп, қоғамды іштей бұзып, арсыздықтың жайылуына себепкер болатын үлкен күнә. Сондықтан да адамзат тарихындағы кезкелген қоғамда, барлық заманда зинақорлық арсыздық деп танылып, оны жасаушыларға ауыр жазалар белгіленген. «Мал сақтама, ар сақта», «Малым – жаным садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қазақ халқы зинақорлыққа, арсыздыққа баруды ауыр қылмыс деп білген. Тәуке ханның «Жеті жарғысының» 4-жарғысы зинақорлыққа арналып, онда «Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын» делінген. Құнанбай қажы осындай арсыз іске барған Қодар мен оның келіні Қамқаны жұрт көзінше ауыр жазалауы да ата-бабаларымыздың зинақорлыққа қаншалықты қатаң қарағандығын көрсетеді», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: