#Меркі: Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

#Меркі: Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шариғат ілімін Жәбірейл періштенің ұстаздық етуімен үйренген. Бұның өзі ілімді құр кітап арқылы емес, ұстаз арқылы үйрену керектігін білдірсе керек. Ұстаз арқылы алынған ілімде жүйе болады. Діни білім алудың алғашқы бастауы – мешіт. Еліміз бойынша мешітте ұйымдастырылып жатқан сауат ашу курстары осы қызметті атқарып келеді. Қай ғасыр болмасын мұсылмандар діни білімнің бастауын мешітте алған.

Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен жазғы демалыс күндерін тиімді пайдалану мақсатында бірқатар аудан мешіттерінде «Имани жаз» атты діни сауат ашу курсы ұйымдастырылуда.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға», - деп Абай Құнанбайұлы атамыз айтқандай, аудан имам-молдалары ұстаздық етуден жалықпай, жаз мезгілінде балалардың демалысын тиімді пайдаланып дәріс беруде. Қалған мезгілдерде мешітке келуші жамағаттарға дәріс жүргізуде.

Дәріс ұлдарға да, қыздарға да мұғалім сәни, намаз оқып үйрену, дәрет алу және т.б. Ислам шариғатының негіздерінен дәрістер жүріп жатыр.

Дәріске келген ұл-қыздардың дәрістен шаршап-шалдықпаулары үшін, жамағттардың демеушілігімен күнделікті дәріс соңында ауданға қарасты мешіттер шәкірттерге тәтті сусындар мен тәтті тоқаштар таратуда.

Игі іске сүйеу болған бауырларымыздың бастарына амандық, кәсіптеріне, ризықтарына береке тілейміз.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: