#Меркі ауданы: «Қыстың қамын жазда ойла»

#Меркі ауданы: «Қыстың қамын жазда ойла»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жаз шығып,  еңбек науқаны басталысымен  қаһарлы қысқа тыңғылықты дайындалу жұмыстары басталатыны белгілі.

Осы орайда, Меркі ауданы, Жауғаш батыр ауылдық мешітінің имамы Қосаев Мұратбектің мұрындық болуымен, мешіттің жылыту жүйесі күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Осыдан алты ай бұрын ауыл тұрғындары жиналып, ауылдық мешітке көмірмен жылытылатын пеш сыйға тартқан болатын.

Жаз мезгілін тиімді пайдаланып, мешіт имамы пешті орнатып, жылы еден жүргізу мәселесінде ауыл тұрғындарына қайырылған болатын. Жергілікті имамның сөзін жерге тастамаған ауыл тұрғындары, білек сыбанып бір адамдай іске кірісіп кетті. Ауыл мешітінің жылыту жүйесі көмірмен жылиды. Ауылға табиғи көгілдір отыны әлі жүргізілмеген. Қыста көмір жағып мешітті жылытатын. Көмірмен жылытылатын бұл мешітке арнайы жылы еденге арналған көмірмен жылытылатын пеш сатып алынды. Алдағы бір аптаның ішінде бітіру жоспарлануда.

Алла Тағала амалдарымызды сауаптан жазғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: