Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали-қалпе» мешітінің имамы Сапарбеков Ержан мешітке келген жамағатқа қазіргі қоғамда кеңінен талқыға ұшырап жүрген тақырып «тәңіршілдік» турасында уағыз айтты.
Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің, әдеті мен салт-дәстүрінің қалыптасуында негізгі қайнары болып есептеледі. Қазақтың Керей мен Жәнібектен бастап Кенесарыға шейін барлық хандары елді басқару жүйесі, халықаралық қарым-қатынастар және құқықтық заңнамаларда шариғат нормаларына жүгінгені белгілі. Сонымен қатар құқықтық нормалардың басым бөлігі шариғатпен қатар дала әдет-ғұрпымен байланысты екенін атап өту керек. Қазақ би-шешендері, ақын-жазушылары және ғалым-ғұламаларының барлық еңбектерінде шариғаттан аттамағаны байқалады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі