#Байзақ: ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТІҢ ҰСТАЗЫ «БАЙЗАҚ БАБА» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТІҢ ҰСТАЗЫ «БАЙЗАҚ БАБА» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің жамағатына «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Таласбаев Есет «Дін – ұстай алсаң, қасиетің, ұстай алмасаң, қасіретің», - атты тақырыпта уағыз-насихат айтты.

   Есет Таласбаев: «Дінді дұрыс түсіндіру ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпаған іс. Өйткені дін дегеніміз бейбітшілікке, адамдар арасын татулыққа баулитын сенім. Ал дінді бұрыс түсіндірген адам ел арасында діни бүліктің, араздасудың, тіпті елдер арасындағы соғыстың шығуына себепкер болады. Қазақ халқы Ислам дінін ежелден ұстап келе жатқаны белгілі. Жаратушы ием дінді адам үшін жаратты. Дінді қастерлейтін де, қадір-қасиетін қашыратын да, берекесін кетіретін де – адам. «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретіңе айналады», деп бекер айтылмаған. Дінді қадірлей алмаған ел қасіретке ұшырайды. Мұны тарихтан жақсы білеміз. Дін – біле білгенге рухани азық, білмегенге – әурешілік. Дін – кісіні парасаттылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, төзімділікке, ұстамдылыққа, қадірлесуге, сыйласуға, ел мен елдің арасын жақындатуға, табыстыруға қызмет ететін үлкен құдірет. Құдіреттің құдіреттілігін біле алмасақ адасамыз», - деді.

         

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: