Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мадияр, ауыл тұрғындарының қал жағдайын білу мақсатында, ауылды аралап, кімнің қандай көмекке зәру екендігін зерделеп, қолынан келген көмегін аямай Ислам дінінің мерейін көтеріп жүрген имамдардың бірі.
Ауыл имамы ауылға қарасты жалғыз басты апамыздың қажетін өтеп, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетті. Апамыздың ыстық ықыласына бөленіп, батасын алды.
Алла Тағала имам-маолдаларымыздың амалдарын қабыл етіп,сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі