Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Сыпатай ауылдық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіт жамағатымен кездесіп қайтты.
Кездесу барысында Азамат Беркұлы мешіттің ахуалымен танысып, жамағатқа уағыз айтты. Мешіттің көркі ғимараттың заман талабына сай әрленуі емес, жамағаттың көптігі, жамағаттың ауызбіршілігі екенін атап өтті. Жаңадан тағайындалайын деп жатқан имам туралы сұрастырып, ой пікірлерін тыңдап қайтты.
Кездесу соңында, Алла Тағаладан мешіттің жамағатқа толуын сұрап, елімізге, жерімізге дұға жасап қайтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі