Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ат басын Ақарал ауылына бұрып, «Сыпатай Әлібекұлы» мешітін зиярат етіп қайтты.
Ауыл имамы Азамат Берікұлын қарсы алып, мешіттің тыныс тіршілігімен таныстырып, жамағатпен кездесіп уағыз айтуын өтінді. Құптанға жиналған қауым аудан имамының уағызын тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Бас имам ауыл имамына бірқатар тапсырмалар беріп, дін жолындағы қызметі үшін алғысын білдірді. Артынша намаз оқып, еліміздің, жеріміздің амандығы үшін дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі