Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Андас батыр ауылдық мешітінің жанынан салынып жатқан асхана құрылысымен танысып қайтты.
Бұл асхана құрылысына ауылдың тұрғындары ауызбіршіліктерін көрсетіп демеушілік қылып отыр. Қазіргі уақытта құрылыстың іргетасы құйылып жатыр.
Бұл асхана 200 адам емін еркін сыйып отыратын кең қылып салынуда. Бұл құрылыс ауылда діннің дамуына, халықтың пайдасына өз үлесін қосады деп сенеміз.
Игі іске атсалысып, асхана құрылысын жүргізіп жатқан бауырларымызға Алла разы болсын дейміз. Барша ауыл азаматтарын осынау игі іске атсалысуға шақырамыз!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі