#Меркі ауданы: Көшпелі жұма науқаны өз жалғасын табуда

#Меркі ауданы: Көшпелі жұма науқаны өз жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен «Көшпелі жұма» науқаны қолға алынған болатын.

Кезекті жұма уағызы Андас батыр ауылдық округі, Гранитогорск ауылы «Ас-Сами» мешітінің жамағатымен өтті. Арнайы іс-сапармен барған Азамат Берікұлы халықпен амандасып, дұға жасап, уағызын бастап кетті. Уағыз «Өз өздеріңді өлтірмеңдер» тақырыбы аясында өрбіді. Ислам дінінде адам баласы барша жаратылыстан ерекше жаратылғандығын, өмірдің аманат екендігін, өмірдің болмашы, өткінші сынағына бола өмірді қиып, аманатқа қиянат жасауға болмайтындығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Уағыз соңынан жиналған жұрттың сұрақтарына жауап беріліп, жұма намазы оқылып, тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: