Меркі ауданы Андас батыр ауылы «Ар-Рахим» мешіті күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Аудан имамы Азамат Берікұлы «Ар-Рахим» мешітін арнайы зиярат етіп, мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты. Мешітті заман талабына сай сәндеу жоспарлануда.
Мешіт аудан орталығынан 30 км қашықтықта орналасқан. Мешіт ғимараты әуелі 1951-1996 жылдары колхоздың конторы болған.
Сосын халықтың сұранысы бойынша мешіт ғимараты ретінде жөнделіп, ретке келтірілген. Мешіт жартылай қызыл кірпіш, жартылай саман кірпіштен салынған. Біраз жыл бойы жөндеуден өтпеген. Мешіттің 11 бөлмесі бар. Сол бөлмелерді біріктіріп, үлкен намаз оқитын бөлме, қалғанын асхана қылу көзделіп отыр.
Алла Тағала мешіттің жөндеу жұмыстарына атсалысып жатқан барша бауырларымызға разы болып, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі
>