Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Андас батыр ауылдық мешітін зиярат етіп, жамағатқа уағыз-насихат жүргізіп қайтты.
Бесін намазына келген аудан имамы намазға жиналған жамағатқа «Ізгі қоғам» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, ауызбіршілік, ынтымақ – бұл қасиеттер елдің, жердің көркеюіне, дамуына бастайтын бірден бір жол екенін атап өтті.
Уағыз соңында жиналған жұрт сұрақтарын қойым, тұщымды жауаптарын алып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



14 Ноябрь 2025
23 Джумада-авваль 1447

