#Байзақ: ТҮЙМЕКЕНТТЕГІ БЕСІН УАҒЫЗЫ

#Байзақ: ТҮЙМЕКЕНТТЕГІ БЕСІН УАҒЫЗЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Түймекент ауылдық «Түймекент» мешітінің жамағатымен кездесті.

Қанат Әділханұлы: "Құдай қосқан екі жас отау құрған соң, Алланың қалауымен перзент сүю бақытына ие болады. Сол перзентті қоғамға пайдасын тигізетін тұлға ретінде тәрбиелеумен қатар, Алланың ізгі құлы етіп өсіру жауапкершілігін мойындарына алады. Осы ретте ата-ананың баласының алдындағы міндеттерінің бірі – дұрыс әрі ізгі тәрбие беру" - деді.

Тәрбиесіз, надан әрі залым ұрпақ бұл дүниеде әке-шешесін қарабет қылып, абыройдан жұрдай қылса, арғы дүниеде өзі мен бала-шағасына зиянын тигізетінін ескертіп, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетін тілге тиек етті: «Біліп қойыңдар! Сендердің барлығың бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер. Әмірші (басшы) – адамдарға бақташы, ол – сол отарына жауапкер, ер кісі – өз отбасына бақташы, сол отарына жауапкер, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі солардан сұралады», – деген (Әбу Дәуіт).

"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: