Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Серікбаев Ерман ауылдағы арақ-шарап сатпайтын азық-түлік дүкендеріне арнайы барып, дүкен иелерінің ісіне береке тілеп, алғысын жеткізіп, алғыс хатпен марапаттап қайтты.
Қасиетті Құранның «Кәһф» сүресінде баяндалған үңгір иелері жайындағы қиссада, жас жігіттер Алланың қалауымен 309 жыл бойы ұйқыда жатып, оянғаннан кейін араларындағы біреуін қалаға тамақ алып келуге жібереді. Сәһл ибн Абдулла (Алла оны рақымына алсын): «Үш амал қиямет азабынан құтылуға себеп болады. Олар: Адал астан пайдалану, парыз амалдарды бұлжытпай орындау әрі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолына еру», – дейді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі