Меркі ауданы, Андас батыр ауылы мен Қызылқыстақ жұртшылығы Алла разылығы үшін құрбандық шалып, Алладан жаңбыр тілеп тасаттық берді.
Ауыл жұртшылығы ең алдымен Аллаға тәубе етіп, кешірім тілеп, 2 ракағат истисқа намазын оқыды. Артынша хұтпа айтылып, Алладан жаңбыр тілеп дұға жасады.
Арнайы тасаттық үшін жайылған дастарханнан ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты апаларымыз, аға-жеңгелеріміз бен бала-шаға дәм татты. Дастархан басында ауыл имамдары «Тасаттық» жайлы шариғаттың талабын, қандай амал атқарылу керек, қандай амал рұқсат етілген, қандай амалға тыйым салынғанын түсіндірді.
Артынша Құран оқылып, Алладан елімізге, жерімізге дұға жасасып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі