Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің имамы Естеков Сабиттің ұйымдастыруымен 5 отбасына «ізгі қоғам» бағыты аясында «қолдан – қолға» атты қайырымдылық науқаны өткізілді. Аталмыш іс-шарада жағдайы төмен ауылдық бес отбасына 105 мың теңге қаражат жұмсалған.
Осы жалған өмірде қандай да бір игі, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын! Алла Тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі