Жамбыл ауданы Гродиково ауылы мәдениет үйінде «Діни экстремизммен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Діни проблемаларды зерттеу орталығының маманы Алмат Берікбайұлы ауыл тұрғындарына экстремизммен терроризм туралы ақпарат беріп түсіндірді.
Ауылдық кітапханада діни кітаптарды тексеріп зерделеу жұмыстарын жүргізді. «Арғынғазы ата» мешітіндегі жамағатқа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп сұрақтарға жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі