#Рысқұлов: Аудандық бата жарыс өтті

#Рысқұлов: Аудандық бата жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша ақсақалдар арасында бата беруден жарыс ұйымдастырылды. Бата жарысына ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев арнайы қонақ боп шақырылып, ақсақалдардың батасын тыңдап қайтты. Бұл бата жарысына талай жыл дінге қызмет қылған, дәлірек айтқанда Жарлысу ауылында молдалық қызмет атқарған Елубаев Тұрсынбай ата да қатысып, жүлделі 2–ші орынды иеленді. Қазіргі уақытта Тұрсынбай ата 80 жастан асқан ақсақал, ауылдың көне көз қариясы.

Жарысқа ауданға қарасты ауылдардан 15 ақсақал қатысып, бақ сынасты. Жарысқа қатысушы сахнаға шығып ел алдында бата беріп тұрғанда, артқы экраннан бата беруші ақсақалдың өмірбаяны көрсетіліп тұрды. Дана халқымыз: «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», деп, батаның қасиетін жете ұғына білген.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: