#Тараз: Жамағатқа дастархан жайылды

#Тараз: Жамағатқа дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Бірлігі жарасқан жамағат» бастамасымен Тараз қаласының «Ар Рахман Ар Рахим» мешітінің жамағатына арнап дастархан жайылды. Келушілерге мешіт имамы Амангелді  Ембергенов уағыз-насихатын айтып, сұрақтарына жауап берді.   

Адам баласының бойына ең қажетті мейірімділік пен сүйіспеншілік, өзара сыйластық пен кеңпейілділік және тағы да басқа құндылықтарды топтастыратын маңызды қасиеттің бірі – бауырмалдық.   Бұл қасиеттің әсіресе, асыл дініміздегі алатын орны өте ерекше. Дінімізде мұсылман мұсылманның бауыры, ол оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбайды. Осы мақсатта мешіт жамағатының басын қосып дастархан жайылды.

Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: