Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің кілімдерін жуу (химчистка) және тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мешіт жанашырларының және жамағаттың атсалысуымен қолға алынған іс-шараға 600 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалып отыр.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары», – дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Сондықтан мешіттің жыртығын жамауға атсалысып жүргендерге пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Үлкен сынаққа үлкен сауап бар ...» - дейді.
Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі