Тараз қаласы «Әл Фирдаус» мешітінде жанашыр бауырлардың қолдауымен, мешітке арнайы сабақ өтетін әрі ас ішетін үстел ретінде қолданатын парталар жасалды.
Рамазан айындағы қолайсыз жағдайлардан кейін, осы іс шараны қолға алуды жөн көрді. Үстелдерге жұмсалған қаражат соммасы 600 000 теңгені құрайды. Мешіт имамы Алмас Кенжемолдаев осы шараға атсалысқан жандарға алғысын білдірді.
«Садақа» – Алланың ризалығын алу үшін мұқтаж жаннан бастап, мешіттің өзінеде қол ұшын беру. Ал енді бұл сөздің кең ұғымдағы мағынасы бөтен мақсат көздемей, шын жүректен тек Алла үшін деп жасалған кез келген қайырымдылық.
Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі