Тараз қаласы «Әбу Бәкір ас Сыддық» мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі Камила Мырзабаева ұстаздың ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында «Ақида ілімінен» жарыс өтті.
Мешіттің имамы Қасымжан Бектаев уағыз-насихатын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ынталы қатысушыларға марапаттау қағаздары тарту етіліп арнай сый сыйапапт берілді. Мешіттегі әйел жамағаты арасындағы сабақтың нәтижесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс шара.
Құранда: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деп келеді. Мұндағы білетіндер дегеніміз, білім иелері, ғалымдар, білікті мамандар ал білмейтіндер – білімсіз адамдар. Мұнда дін ислам білімнің мәртебесін көрсетіп, адамдарды білім алуға жігерлендіріп отыр.
Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі