Тараз қаласы, "Әл-Әділ" мешіті жанындағы ДСАК ұстазы Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен "Аяулы ана, асыл жар" қыз- келіншектер клубының кезекті рухани кеші болып өтті.
Рухани кеште шәкірттерімен жаздағы имандылық курсын жоспарлап, ынталандыру мақсатында діни сұқбаттар мен жауабы күтілген сұрақтардың түйінін тарқатып қайтты. Кеш өз кезегінде мағыналы да көңілді өтті.
Осы орайда, отырыста ұстазымыз: "Әйелдер жамағатына ерекше көңіл бөліп, моральдық-материалдық тұрғыдан әрқашан қолдап-қуаттап отыратын "Әл-Әділ" мешітінің Бас Имамы Сыбанбай Расылханға алғысымызды білдіреміз" - деді.
"Әл-Әділ" мешітінің баспасөз қызметі