"Тазалық - иманның жартысы" деп ұрандатқан Тараз қаласы, "Әл-Әділ" мешітінің жанындағы ДСАК шәкірттері кезекті сенбілікті өткізді. Күннің жылуына байланысты кілемдер мен ковроландар жуылып, төселді.
Терезелер тазаланып, сөрелер сүртілді. Гүлдер суғарылып, аула арамшөптерден тазарды. "Тазалық - табалдырықтан басталады" дегендей кіреберіс тазаланып, аула сыпырылды. Ұстаз шәкірттердің еңбекқорлығына тәнті болып, алғысын білдіріп, шәй беріп шығарып салды. Осындай мүмкіндіктер берген Аллаға шексіз шүкіршіліктер болсын!
"Әл-Әділ" мешітінің баспасөз қызметі