#Талас: Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді

#Талас: Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар берілді. Ораза тұтқан жамағатттың басын қосқан игі шараға аудан әкімі қатысты. Ауызашарға ақсақалдар, ақ жаулықты аналар, зиялы қауым өкілдері және әртүрлі салада қызмет етіп жүрген мамандар, таластық тұрғындар шақырылды.

Қаратауда өткен ауызашарда ауданның бас имамы жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл ай күллі мұсылман қауымы үшін ерекше уақыт екенін, жамағат осы айда ізгі амалдар жасап, мол сауапқа кенелетінін айтты. Сондай-ақ, рухани маңыздылығы хақында сөз қозғап, тағылымды ойларымен бөлісті.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: