РАНТ мүшесі, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы, Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы және белсенді жастар бірге мүмкіндігі шектеулі балалар балабақшасына арнайы барып қайты.
Балапандардың дамуын, хал-ахуалын сұрап, тәрбиешілерімен тілдесті. Нұралы ұстаз балабақша ұжымына ерекше баланы бағу, оның өсіп-жетілуіне көмектесу, сауығып кетуіне, өміріне атсалысу, білім беру, тәрбиешілік жасаудың сауабы турасында әсерлі уағыз айтты.
Имамдар барлық балаларға "Рамазан қоржынын" таратып беріп, осындай мүбәрак айда бір қуантты. Сыйлық алған бүлдіршіндер шаттана сыйлықтарын ашып, жүздеріне қуаныш үймеледі.
Ұжым жетекшісі дін мамандарына алғысын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі