#Шулық қыз-келіншектер ауызашарда бас қосты

#Шулық қыз-келіншектер ауызашарда бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті рамазан айы исі мұсылманды рухани азығымен ғана емес дос-жаран, туған-туыс, жамағатпен ортада бас қосатын ауызашарлармен де қуантып жатыр. 

Осындай керемет бас қосу Әйел-қыздар секторы, "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы мен шәкірттердің ұйымдастыруымен жасалып, нәзік жандылар ауызашарда жиналды. Сәуле ұстаз "Әдеп ілімнен жоғары" тақырыбында уағыз айтып, рухани азық боларлық білім берді. 

Шараға қонақ ретінде шақырылған ұстаз Лаззат Махамбетова "Адал ас - құлшылықты қабыл етеді" тақырыбында насихат айтып, жамағаттың сауалына жауап берді. 

Жиын соңында барлық қонақтарға сыйлықтар табысталып, көпшілік бір-біріне жылы лебізін білдірді. 

Шу аудандық "Жәми" мештінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: