#Шу ауданының әкімі 300 адамға ауызашар берді

#Шу ауданының әкімі 300 адамға ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. 

Қасиетті Рамазан айының құрметіне осындай ауызашарды Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков берді. 300 адамға арнап "Төле би" мешітінде ауызашар дастарханы жайылды. Жиынға қоғам белсенділері, ақсақалдар, Шу ауданының құрметті азаматтары мен дін мамандары шақырылды. 

Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев шам намазынан соң "Рамазан айының қадір-қасиеті" тақырыбында жиналған жамағатқа уағыз жүргізді. Игі іс-шара үшін разы болған ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, батасын берді. Дастархан басында бас имам ораза жайында кезекті насихатын айтып, "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы құран оқыды.

Аталған ауызашар ерекше қазақы стильде жасалып, домбыра, баянмен жарапазан айтылып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: