РАНТ мүшесі, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы мен Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы белсенді жастармен бірге қарттар үйін зиярат етті.
ҚМДБ Төрағасы, Бас муфти Наурызбай Тағанұлы хазіреттің бастамасымен қарттарға құрмет көрсетіліп, ихсан ілімі насихатталды. Имамдар имандылық, Алланың разылығы, құлшылық жайлы рухани білім беріп, қарттарды Рамазан айымен құттықтады.
Ауызашарға арнап алып келген жеміс-жидек сынды дастарханын табыстап, қарияларға сыйлықтарын тарту етті. Мұндай көңілге разы болған қариялар имамдарға батасын берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі