Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінің молдасы Шукриеев Сейдалидің ұйымдастыруымен «Менің алғашқы оразам» атты семинар өтті.
Семинарда Шукриеев Сейдали: «Ораза ұстаудың пайдасы мен сауабы өте көп. Алла Тағала оразаны біздерге парыз қылды. Ақыретте сауабын өзі береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде кім Рамазан айында бір парыз орындаса, Алла Тағала оған жетпіс парызды орындады деген сауап жазады», - деген. Рамазан айында адам баласы күндізін оразамен, түнін құлшылықпен өткізсе рухани ерекше сезімге бөленеді», - деді.
Жиынға қатысқан ауыл жастары өздерінің алғашқы оразалары туралы әсерлерімен бөлісті.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі