Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітін зерделеді.
Зерделеу барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы мешіт сөрелерінде діни кітаптардың сараптамадан өткендігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, бейне бақылау камерасының тұрақты түрде қосылып тұруы, дәретхана тазалығы мен мешіттің таза әрі жамағатқа қолайлы болуын қамтамасыз ету керектігін тапсырды.
«Қостөбе» мешітінің имамы Фазлиев Весал бас имамға мешіттің жаңа ғимаратын және қосымша нысандарын көрсетті. Сондай-ақ, мешіт имамы алда атқаратын іс-шараларының жоспарымен таныстырды.
Аудан бас имамы мешіттің алдына халық тынығып отыратын орындықтар орналастыруды ұсынды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі